Пәкістанда жантүршігерлік жол апатынан 20 адам қаза тапты
Пәкістанның Пенджаб провинциясындағы Бахавалпур қаласының маңында мұнай танкері мен автобус соқтығысты деп хабарлады turkystan.kz.
Салдарынан 20 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Болжам бойынша, Лахор-Карачи бағытында келе жатқан автобус жүргізушісі көлікке ие бола алмай қалған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келді.