Бибісара Асаубаева саяси қызмет атқаруға қатысты ойын айтты

Бибісара Асаубаева саяси қызмет атқаруға қатысты ойын айтты

Бибісара Асаубаева саяси қызмет атқаруға қатысты ойын айтты
ашық дереккөзі
Қазақстандық шахматшы, 18 жастағы әлем чемпионы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап беріп, болашақта саяси қызмет атқаруға қатысты ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Саясаткер болу үшін оқуын оқу керек. Егер саясаткер аяқ астынан шахматпен кәсіби түрде айналысуды ойласа, ол әлем чемпионы бола алады деп ойлайсыз ба? Қатты күмәнданамын. Мен спортшымын, маған бұл қажет емес және қызық та емес», - дейді шахматшы.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева - блиц бойынша әлемдегі ең жас чемпион (2021), рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021) және Азия чемпионы (2021).