Қазақстан Президенті баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Президенті баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Президенті баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Саясаттанушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Нұрмұхамед Байғара бұған дейін Аiqyn газетінің бас редакторы, AMANAT партиясының Саяси жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламаларды эфирге шығарып, саяси ток-шоуларды жүргізді. Республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін тәмамдаған.