Сейсенбі, 4 Қазан, 2022

Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылды

Бүгін Теміртауда Металлургов даңғылындағы  бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды деп хабарлады turkystan.kz.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан үш пәтер бүлінген.

«53 адам эвакуацияланды. Оның жетеуі – бала. Төтенше оқиғадан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілген. Қазір Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен жеті техникасы жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button