Жаңалықтар

Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылды

ашық дереккөзі

Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылды

Бүгін Теміртауда Металлургов даңғылындағы  бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды деп хабарлады turkystan.kz. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан үш пәтер бүлінген. «53 адам эвакуацияланды. Оның жетеуі – бала. Төтенше оқиғадан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілген. Қазір Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен жеті техникасы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.