Кейкі батыр туралы фильм түсірілмекші

Кейкі батыр туралы фильм түсірілмекші

Кейкі батыр туралы фильм түсірілмекші
ашық дереккөзі
2017 жылы Қазақстанда Кейкі батыр туралы деректі фильм түсіріледі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Қазіргі кезде министрліктің алдында үлкен шаралар белгіленіп отыр, яғни 2017 жылы Кейкі батыр туралы деректі фильмді шығаруымыз керек. Атап айтқанда, көркем фильмнің алдында біз деректі туындыны түсіруіміз қажет болып тұр», — деді министр. Оның пайымынша,  тарихи факті мен аңыздарды ажырату үшін деректі фильмді түсіру керек. «Тек осыдан кейін ғана біз көркем фильмді түсіруге құқылымыз. Өйткені, көркем фильмнің көрермендерге әсері өте зор болмақ», — деп түсіндірді Мұхамедиұлы. Белгілі болғандай, 2017 жылы О. Бекмағамбетовтың авторлығымен «Кейкі батыр» ғылыми монографиясы шығады деп күтілуде. Алдағы уақытта батыр жайында театрлық қойылымдар көпшілік назарына ұсынылмақ.