Еңбек демалсы үшін мемлекет әр азаматқа 2,5 мың теңге шығындайды

Еңбек демалсы үшін мемлекет әр азаматқа 2,5 мың теңге шығындайды

Еңбек демалсы үшін мемлекет әр азаматқа 2,5 мың теңге шығындайды
ашық дереккөзі

Мемлекеттік органда еңбек демалысына шығу үдерісі бір адамға шаққанда мемлекетке 2,5 мың теңге көлемінде қаржы жұмсауға алып келеді. Бұл туралы Астанада салықтық және кедендік әкімшілеуді жетілдіруге арналған «дөңгелек үстелде» ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер бойынша комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлімдеді.

«Қызметкерлер өтініш жазып, кезекті еңбек демалысына шығып жатады. Шын мәнінде, бұл үдерістің өзіне қаржы жұмсалады. Атап айтқанда, мемлекеттік органда еңбек демалысына шығу үдерісі бір адамға шаққанда 2,5 мың теңге тұрады. Бұл бағытта үш жарым күн уақыт кетіп, 260-қа жуық операциялар жасалады. Яғни, осы орайда қалыпты қол қою, құжаттарды тиісті жеріне жеткізу шаралары қамтылған. Осы орайда қажет емес үдерістер байқалады», - деді Д. Ерғожин.