Операцияның сәтті өтуі хирургтің киген киіміне байланысты ма?

Операцияның сәтті өтуі хирургтің киген киіміне байланысты ма?

Операцияның сәтті өтуі хирургтің киген киіміне байланысты ма?
ашық дереккөзі
Операция бөліміндегі дәрігерлер неліктен ақ емес, көк немесе жасыл түсті форма киетінін білесіз бе? Бұл түстердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.  Қызығы, бастапқыда медициналық киімдер ақ түсті болған екен. Өйткені ақ түс тазалықтың түсі деп есептелген. Оның үстіне ақ киімді ағартқышпен ағарту да өте оңай болды. Тек 1914 жылы бір ықпалды дәрігер бұл формадан бас тартып, жасыл, көк түсті униформаға көшу туралы ұсынысын білдірген.  Мұндағы негізгі себеп: операция барысында кристалды ақ түс хирургтің көзін ауыртуы мүмкін. Егер ол қою қызыл қаннан кейін әріптесінің ақ түсті халатын көретін болса, көзі ауырып, операция барысында бірнеше секундын жоғалтып алады екен. Ал бұл науқастың өміріне қауіп төндіреді. Мәселен, біз төбемізден күн түсіп тұрғанда аппақ қарға қарасақ, көзімізді уқалап тұрып қаламыз, кейбіріміздің басымыз айналады. Өйткені кіршіксіз аппақ түсті жанарымыз бірден қабылдай алмайды. Сіз бірақ неліктен хирургтер сары немесе күлгін түсті форма кимейді, неге жасыл мен көк түсті таңдаған деп ойлауыңыз мүмкін. Оған себеп: жасыл мен көк – түстер спектрінде қызыл түске қарама-қайшы түс боп есептеледі. Операция кезінде олар қанға көп қарайтындықтан, жасыл немесе көк түсті қабылдаулары да жеңіл болады. Осылайша, жасыл және көк түстер дәрігерлердің қырағылығын оятады, көздерін қызыл реңкке тез бейімдейді. Хирургиялық ота кезінде қателіктің болдырмауына да көп жағдайда септігін тигізеді.