Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

Қазақстандық атлет Ислам ойындарында рекорд орнатты

Қазақстандық зілтемірші Айзада Мүпділдә Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

87 келіден аса салмақта өнер көрсеткен Айзада 266 (116+150) келі көрсеткішімен рекорд орнатты.

Осы салмақта өзге қазақстандық атлет Любовь Ковальчук 261 (114+147) келі көрсеткішпен күміс жүлдегер атанды.

Айта кетсек, қазақстандық зілтеміршілер осымен 8 алтын, 15 күміс және 3 қола жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button