Елордада аулада жүрген баланы көлік басып кетті

Елордада аулада жүрген баланы көлік басып кетті

Елордада аулада жүрген баланы көлік басып кетті
ашық дереккөзі
Елордада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында көлік жүргізушісі баланы басып кетті деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткені анықталды. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.