Pfizer басшысы өзінің вакцинасын төрт рет алғаннан кейін ауырып қалды

Pfizer басшысы өзінің вакцинасын төрт рет алғаннан кейін ауырып қалды

Pfizer басшысы өзінің вакцинасын төрт рет алғаннан кейін ауырып қалды
ашық дереккөзі
Pfizer корпорациясының басшысы Альберт Бурла өзінің вакцинасын төрт рет алғаннан кейін коронавирус жұқтырғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«COVID-19-ға тапсырған сынамам оң нәтиже көрсеткенін айтқым келеді. Pfizer-BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғаныма ризамын. Өзімді жақсы сезінемін және мендегі симптомдар жеңіл» деп жазды Pfizer басшысы Twitter-де.
Бұған дейін Қазақстанда Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі 2022 жылғы қазанға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Вакцина Қазақстанға 2021 жылдың қараша айында жеткізілген болатын.