Елімізде автожолдарға қатысты «Әділдікті талап ет!» жобасы басталды

Елімізде автожолдарға қатысты «Әділдікті талап ет!» жобасы басталды

Елімізде автожолдарға қатысты «Әділдікті талап ет!» жобасы басталды
ашық дереккөзі
15 тамызда республика бойынша «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын қолдай отырып және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп, «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқанын бастады деп хабарлады turkystan.kz. Аталған акцияға Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. «Әділдік жолы» РҚБ айналада болып жатқан жағдайға бей-жай қарай алмайтын барлық азаматты аталмыш науқанға қосылып, белсенділік танытуға шақырады. Науқан барысында автожол саласы мәселелері қозғалып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жемқорлық тәуекелдерін анықтауға баса назар аударылады.
«Мемлекет автожол саласына үлкен қаражат бөледі. Бірақ соған қарамастан осы сала үнемі қоғам тарапынан сынға ұшырап жүр. Сапасыз жолдардың салдарынан көлік апаты жиі болады. Биыл республика бойынша 11 мыңнан астам шақырым жолға түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал жол жөндеуге бөлінген қаражаттың 44 пайызына мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасалған жоқ. Автожолдарды салу жобаларының барлық кезеңі жемқорлық тәуекелдеріне бейім. Тек мемлекет пен азаматтардың бірлескен күшімен ғана қоғамды барынша жемқорлыққа қарсы күресте жұмылдыра отыра, бұл зұлымдыққа төтеп бере аламыз», - деді акцияны ұйымдастырушылар.
Азаматтар науқанға www.adildik.kz веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call center бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты 15 тамыздан бастап хабарлай алады.