Дүйсенбі, 3 Қазан, 2022

Дәрігер иммунитетті түсіретін тағамдарды атады

Егер адам кәмпит, печенье, пірәндік немесе газдалған тәтті сусындарды мөлшерден көп тұтынса, яғни  күніне үш рет немесе одан да көп ішіп-жесе, бұл иммунитетке зиянын тигізеді деп хабарлады turkystan.kz.

Тамақтану тәртібіңіз иммунитетке әсер етеді. Ағзаның табиғи қорғаныс қабілетін күшейтіп, вирустардан сақтану үшін тәттіден бас тарту керек немесе мөлшерін азайту жеткілікті. Бұл туралы терапевт, диетолог Елена Игнатикова айтты деп жазды  Sputnik радиосы.

Маманның айтуынша, қантты мөлшерден артық тұтыну  иммундық жасушалардың белсенділігін бәсеңдетеді. Осыдан кейін вирустық инфекцияларға төзімділік төмендейді.

«Ағзадағы көмірсу алмасуы бұзылған, қант диабеті өршіген адамдар жұқпалы ауруларға көбірек бейім келеді», – дейді Елена Игнатикова.

Дәрігердің айтуынша, вирустық инфекциялар, соның ішінде COVID-19 таралып жатқан уақытта алкогольден бас тартқан жөн.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button