Шымкентте бір жастағы бүлдіршін электр тоғынан қайтыс болды

Шымкентте бір жастағы бүлдіршін электр тоғынан қайтыс болды

Шымкентте бір жастағы бүлдіршін электр тоғынан қайтыс болды
ашық дереккөзі
Шымкентте бір жасар сәби абайсызда ашық тұрған электр сымын қолымен ұстап, қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Жергілікті ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай “Нұртас” шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 15 тамыз күні сағат 20:30-да Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне медициналық мекемеден 2021 жылы туған ұл баланы электр тоғы соғып, қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Ата-анасының айтуынша, үйде ұзартқыш сым арқылы тоққа қосылған «Әсел» пеші болған. Жақын жерде ойнап жүрген бала абайсызда жалаңаш электр сымын қолымен ұстап алған. Бала оқиға орнында көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.