Елордада намаз уақытында ұрлық жасаған өзбекстандық азамат ұсталды (ВИДЕО)

Елордада намаз уақытында ұрлық жасаған өзбекстандық азамат ұсталды (ВИДЕО)

Елордада намаз уақытында ұрлық жасаған өзбекстандық азамат ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда Өзбекстан азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 22 жастағы мигрант елордаға маусым айының соңында келіп, мешітте ұрлық жасаған. Шетелдік азаматтың ұрлықтың 6 фактісіне қатысы бар. Ұрланған заттардың ішінде ақша мен ұялы телефондар болған. Күдікті жасаған қылмыстарының бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Аталған қылмысқа қатысты бейнетаспалардан оның ұяшықтардан келушілердің сөмкелерін алып, ұрлық жасағанын көруге болады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Жігіт кінәсін мойындады, полицейлер заттай айғақ ретінде төрт телефон тәркіледі. Аталған фактіге байланысты ҚК-тің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұйымдарға қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынады. Азаматтар сақ болып, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауы керек.