Қызылордада заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды

16 тамыз, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қызылордада заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды Қызылорда облысында заңсыз қару сақтау фактілері анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Қызылорда полицейлері 13-14 тамыз күндері рейд жүргізу барысында заңсыз қару сақтаған үш фактіні анықтады.
«14 тамызда Қазалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзенінің жанында ІІО-да тіркелмеген 16 калибрлі, екі ұңғылы аңшылық мылтығын алып жүрген жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Осы тектес деректер Арал, Жалағаш аудандарында тіркелді», - деп мәлімдеді аймақтағы Полиция департаментінен.
Аталған факті бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.