Қызылордада заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды

Қызылордада заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды

Қызылордада заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында заңсыз қару сақтау фактілері анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Қызылорда полицейлері 13-14 тамыз күндері рейд жүргізу барысында заңсыз қару сақтаған үш фактіні анықтады.
«14 тамызда Қазалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзенінің жанында ІІО-да тіркелмеген 16 калибрлі, екі ұңғылы аңшылық мылтығын алып жүрген жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Осы тектес деректер Арал, Жалағаш аудандарында тіркелді», - деп мәлімдеді аймақтағы Полиция департаментінен.
Аталған факті бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.