Амандық Баталовтың жүргізушісіне берілген пәтер мемлекетке қайтарылды

Амандық Баталовтың жүргізушісіне берілген пәтер мемлекетке қайтарылды

Амандық Баталовтың жүргізушісіне берілген пәтер мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі
Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың көлік жүргізушісіне берілген пәтер мемлекетке қайтарылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Талдықорған әкімдігі Амандық Ғаббасұлының көлік жүргізушісі болған азамат баспананы өз еркімен өткізді деп түсіндірді.
«Қазіргі таңда өз еркімен Алматы облысының бұрынғы әкімінің жүргізушісі Николай бір пәтерлі бөлмесін Талдықорған қаласының тұрғын үй қорына қайтарып берді. Енді осы баспана кезекке сәйкес, әлеуметтік осал топтарға беріледі», - деді Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Мәди Шәкенов.
Айта кетсек, қазір Талдықорғанда баспанаға қатысты дау ушығып тұр. Қалаға биыл жаңадан әкім болып келген Әсет Масабаев жұмысын шаһардағы үйлердің заңды, заңсыз берілгенін тексерумен бастаған болатын. Анықталғандай, облыс орталығында 1 062 пәтер заңсыз берілген. Енді тұрғындар үйді заңды алғанын сот арқылы дәлелдеп шықпаса, баспананы мәжбүрлі түрде босатады. Қазірдің өзінде 37 баспана әкімдікке  қайтарылды.