Текесте ашылған кен орны

Тұрғындарының негізгі табыс көзі – ауыл шаруашылығы. Оның ішінде Райымбек ауданында соңғы жылдары өнеркәсіптің салмағы да артып келеді.

Таулы аймақта биылғы жылдың 10 айында  14 млрд  466 млн теңгенің өнімі өндірілгені және жыл соңында бұл көрсеткіш 15 млрд 300 млн теңгеге жетеді деп болжанып отырғаны бұған жарқын дәлел болады. Амандық болса, келер жылы аудан өнеркәсібінде 15 млрд 606 млн теңгенің өнімін өндіру көзделіп отыр.

Жуырда Жаңа Текес ауылында бағалы кен өндіретін «Марум Жар Гольд» ЖШС іске кіріспек. Нәти­же­сінде, 57 адам тұрақты жұмыс ор­нымен қамтамасыз етіліп, ау­данның өнеркәсіптік әлеуеті ба­рын­ша арта түседі.
– 2017-2020  жылдар  ара­лы­ғын­да «Қарқара сода» ЖШС арқылы жобалық құны 20 млрд доллар тұратын кальциленген сода, каус­ти­калық сода және натрий суль­фа­тын өндіретін зауыт салуға инвес­тиция тартылады. Зауыт іске қо­сыл­ғанда 1000  адам жұмыспен қам­тылатын болады. Осы нысанды облыстың индустрияландыру кар­та­сына енгізуді ұсынып отырмыз, – дейді Райымбек ауданының әкімі Жанат Тәжиев.
Жалпы, аудан бойынша жыл басынан бері салық түсімдерінің көлемі 1488,9 млн теңге болса, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 1848,0 млн теңгеге орындалады деген болжам бар.

Back to top button