16 тамызға арналған ауа райы болжамы

16 тамызға арналған ауа райы болжамы

16 тамызға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
Синоптиктер ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 16 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Талдықорған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 17 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық сақталады.