Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды (ВИДЕО)

Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды (ВИДЕО)

Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қостанайда полицейлер қала орталығында жол апатынан кейін көлігін тастап, қашып кеткен жүргізушіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz.
«Кеше таңғы сағат 4:00 шамасында 102 пультіне «Март» сауда орталығының күзетшісінен қала орталығында белгісіз жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Mercedes көлігі қала орталығындағы орындықтарға, қоқыс жәшіктеріне және жарық бағандарына соғылған. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші нөмірлерін шешіп алып, қашып кеткен» деп жазылған хабарламада.
Қазір жүргізуші қамауға алынды. Осы факті бойынша 610-баптың бірінші бөлігі және 611-бабының екінші бөлігіне байланысты әкімшілік іс қозғалды. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, жол жүру ережесін бұзған жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Наша Газета|Новости| Kostanay (@ng.kz_)