Бекболат Тілеухан өзінің паспортын көрсетті (ВИДЕО)

Бекболат Тілеухан өзінің паспортын көрсетті (ВИДЕО)

Бекболат Тілеухан өзінің паспортын көрсетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Кейінгі уақытта Түркияда тұратын Бекболат Тілеухан азаматтығын ауыстырды деген хабар әлеуметтік желіде желдей есті. Сондықтан болар, қоғам қайраткері өзінің төлқұжатын көрсетіп, көптің көкейіндегі сауалға жауап берді деп жазды turkystan.kz. Ыстамбұлдағы Қазақстан елшілігіне барған Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алмағанын дәлелдеуге тырысқан. Ол сол жерде отандастарына арнап видео-үндеу жасады. «Көк паспортым қолымда. Жұмысым қалыпша. Ыстамбұлда жүріп жатырмын», - деді ол. Интернет қолданушылары аталған видеоға қатысты «Сенбейміз», «Неге сонша ақталып кетті?», «Түркияда екі елдің паспортымен жүруге рұқсат етілген», «Қайт елге» деген секілді пікір білдірді. Еске салайық, бұған дейін Бүкіләлемдік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтқан.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndykz)

Тағы оқыңыз: Бекболат Тілеухан Түркияда ауызашар берді (ВИДЕО).