«Вагонсервис» АҚ Алматы филиалының басшысы ұсталды

«Вагонсервис» АҚ Алматы филиалының басшысы ұсталды

«Вагонсервис» АҚ Алматы филиалының басшысы ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Вагонсервис» АҚ Алматы филиалының басшысын ұстады деп хабарлады turkystan.kz.
«Тергеу барысында ұйым басшысы жабдықтау бөлімінің бастығымен алдын ала сөз байласып, бірқатар кәсіпкерді алдап, «Вагонсервис» АҚ-ға тиесілі есептен шығарылған вагондарды жеткізгені үшін үлкен сома алғаны анықталды», - делінген ведомство хабарламасында.
Келтірілген зиянның жалпы сомасы 200 млн теңгеден асты. Сот компания басшысын екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады.