Ironman 70.3 Astana жарысының жеңімпаздары анықталды

Ironman 70.3 Astana жарысының жеңімпаздары анықталды

Ironman 70.3 Astana жарысының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
Елордада Ironman 70.3 Astana ірі халықаралық жарысының «толық» дистанция жеңімпаздары анықталды деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 8 сағат 13 минут нәтиже көрсеткен ресейлік Алекс Григорьев триатлон жеңімпазы атанды. Алекс Григорьев қарсыластарын жүзу кезеңінде-ақ басып озып, оларды шамамен 20 минут артта қалдырды. Дәл осы қашықтықта екінші болып ресейлік Антон Березняк 8 сағат 49 минут нәтижесімен мәреге жетті. Ал қазақстандық Алексей Вшивцев (8 сағат 51 минут) үшінші нәтиже көрсетті. Әйелдер арасында ресейлік Валентина Кукрус (9 сағат 46 минут) бірінші болып жетсе, Түркия өкілі Guney Merve (10 сағат 9 минут) – екінші, Ресей спортшысы Ирина Владимирова (10 сағат 23 минут) үшінші болды. Еске салсақ, жарысқа әлемнің 56 елінен 1700 триатлет шықты. Оған «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, кәсіби триатлоншы Екатерина Шатная, «Алматы Марафонының» атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева және өзгелері қатысты. Жеңімпаздар Гавайи, Кайлуа-Кона аралындағы IRONMAN әлем чемпионатына 45 слот алды.