Алдымен кімге көмектесесіз? (Психологиялық тест)

Алдымен кімге көмектесесіз? (Психологиялық тест)

Алдымен кімге көмектесесіз? (Психологиялық тест)
ашық дереккөзі
Суретке мұқият қараңыз. Turkystan.kz тілшісі дайындаған тест бойынша таңдау жасап, өзіңіз туралы қызықты мәлімет алыңыз. 1-сурет. Сіз тұрақтылықты жақсы көресіз. Жаңа ортаға ұзақ уақыт үйренісе алмай жүресіз. Бір іспен айналысу үшін өзіңізді алдын ала дайындайсыз. Ал бойыңыз үйренгеннен кейін, сол істің һас шебері боласыз. Гармонияда өмір сүргенді ұнатасыз. 2-сурет. Сіз өте сезімтал, эмоцияға берілгіш жансыз. Жақындарыңызбен қатар, бейтаныс адамдарға да қолұшын созуға даяр тұрасыз. Әділетсіздікті ұнатпайсыз. Адамдардың көңіліне қарап, өзіңізді екінші орынға жиі қоясыз. Көп уайымдайсыз. 3-сурет. Жаңа жерлерді көріп, саяхаттағанды ұнатасыз. Өміріңіз шытырман оқиғаларға толы. Күндеріңіз бір-біріне ұқсамайды. Ортаға тез бейімделесіз. Бірақ бойыңызда тұрақсыздық бар. Креативті идеяларға бай адамсыз. Тәуекелге жиі бел буасыз. «Өмірге бір-ақ рет келеміз» деген қағиданы ұстанасыз. 4-сурет. Сабырлы адамсыз. Әр нәрсенің байыбына барғанды ұнатасыз. Ешқашан асығыс шешім қабылдамайсыз. Зерттеп, талдау жасағанды ұнатасыз. Өте жауапты жансыз. Кез келген сынға дайынсыз.