Ақындар мен композиторлар арасында «Жас өрен» байқауы жарияланды

Ақындар мен композиторлар арасында «Жас өрен» байқауы жарияланды

Ақындар мен композиторлар арасында «Жас өрен» байқауы жарияланды
ашық дереккөзі
25 шілде мен 15 қазан аралығында отандық авторларды қолдау мақсатында «Жас өрен» республикалық байқауы өтеді. Қазір конкурсқа арналған туындылар қабылданып жатыр. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мұрындық болуымен еліміздің барлық аумағында ұйымдастырылады. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған еркін тақырыптағы балалар әні және балалар поэзиясына арналған кез келген туындылар қабылданады. Байқаудың мақсаты – патриотизм мен ұлт мәдениетін насихаттау, жас ерекшелігі талабына сай жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу, отандық авторларды қолдау, балабақша және мектеп жасындағы балалардың репертуарын толықтыру. Шығармалар отансүйгіштік, ата-анаға деген махаббат, табиғат және тағы басқа еркін тақырыпта жазылады. Конкурс балаларға арналған әндер (балабақша және мектеп жасындағы балалар әндері) және балалар поэзиясы (еркін тақырыптағы тақпақ, өлең, жыр туындылары) аталымдары бойынша өткізіледі. Бұл ретте бұрын көпшілік алдында орындалмаған, жарияланбаған және басқа конкурстарға қатыспаған туындылар ұсынылады. Конкурсқа қатысуға талаптанушылар құжаттар мен материалдарын қоса 15 қазанға дейін өз өтінімдерін жібере алады. Бұл үшін: PDF форматында жеке куәлігі құжатының көшірмесі; шығармашылық өмірбаяны; қатысушының 13х18 см өлшеміндегі түрлі-түсті фото­суреті (JPEG); туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы; екі номинацияға да Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөлшері – 14, жоларалық интервал – бір жолдық) жолдануы керек. Сондай-ақ әндер номинациясына партитура және клавир (Finale немесе Sibelius ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында) және екінші деңгейдегі банкте жеке шотының болуы туралы анықтама болғаны жөн. Өтінімдер zhas.oren@gmail.com электронды поштасына жіберіледі. Анықтама телефоны: 8 775 145 90 53. Байқаудың қазылар алқасының құрамына еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері кіреді. Конкурс номинациялары бойынша ақшалай жүлделер былай белгіленеді: Бас жүлде – 1 млн теңге екі номинацияға ортақ. «Балаларға арналған әндер» номинациясы бойынша І орын (1 жүлдегер) – 700 мың теңге, ІІ орын (2 жүлдегер) – 500 жүз мың теңге, ІІІ орын (2 жүлдегер) – 300 мың теңге. Дипломант (3 жүлдегер) – 70 мың теңге. Ал «Балалар поэзиясы» номинациясы бойынша І орын (1 жүлдегер) – 700 мың) теңге, ІІ орын (2 жүлдегер) – 500 мың теңге, ІІІ орын (2 жүлдегер) – 300 мың) теңге, Дипломант (3 жүлдегер) – 70 мың теңге. Конкурсқа қатысушылар бірнеше номинацияға бір мезгілде қатыса алады. Әр номинация бойынша бір қатысушы бір өтініммен бір туындыны ғана ұсына алады. Әнге қатысты шығарма өңделген (аранжировка) нұсқада болса болады. Конкурсқа ұсынылған туындылар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Байқаудың қорытындысы 25 қазанда жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында гала-концерт түрінде өтеді.