Қарақұмықты кімге жеуге болмайды? – дәрігердің кеңесі

Қарақұмықты кімге жеуге болмайды? – дәрігердің кеңесі

Қарақұмықты кімге жеуге болмайды? – дәрігердің кеңесі
ашық дереккөзі
Эндокринолог және дәрігер-диетолог Наталья Лазуренко «Москва 24» арнасына берген сұхбатында қарақұмық жеу кім үшін қауіпті екенін айтты. Дәрігердің айтуынша, ішек құрылысында проблемалары бар адамдарға қарақұмықты мөлшерден көп пайдалануға болмайды. Себебі аталған жарма күрделі көмірсулардың қатарына жатады.
«Сонымен қатар дисбактериоз, тітіркенген ішек синдромы, ұйқы безі ферменттерінің жетіспеушілігі бар адамдар да қарақұмық жармасын тұтынуда мұқият болғаны абзал. Норманы сақтамаған жағдайда асқазанда ауырлық сезімі пайда болып, іштің кебуі мен газ түзілуіне әкелуі мүмкін», - деді Наталья Лазуренко.
Оның айтуынша, егер адам метаболизмді, қандағы қантты қалыпқа келтіруге немесе артық салмақтан арылуға тырысса, қарақұмық жармасына қосатын қантты жемістерге, жидектерге алмастырғаны дұрыс.