Жаңалықтар

Павлодар облысында «Супер келін» байқауы өтеді

ашық дереккөзі

Павлодар облысында «Супер келін» байқауы өтеді

Облыстық «Супер келін-2022» байқауына өтінімдер 2 қыркүйекке дейін қабылданады деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Байқаудың мақсаты -  дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және қазіргі заманғы келін бейнесін анықтау. Сайысқа 18-28 жастағы келіндер қатыса алады. «Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынға шағынтолқынды пеш, «Өнерлі келін» және «Шебер келін»  атанған келіншектерге электрогриль мен электр ет турағыш сыйға тартылады», - деді ұйымдастырушылар. Байқау бес кезеңнен тұрады. Іс-шараны Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының  жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастыруда.