«Lото» клубын өртеген азаматқа қатысты сот үкімі шықты
«Lото» клубын өртеген азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Жақында Маңғыстау облысының соты 3 ақпанда Бейнеу кентінде «Loto club» кеңсесін видеоға түсіріп, өртеп жіберген Әсет Сүлейменов деген азаматқа қатысты шешім шығарды. Сот жиырма жылдан бері құмар ойынға байланған жігітті бес жыл шартты мерзімге соттады деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Әсет Сүлейменов клубты өртер алдында әлеуметтік желіде белсенді болып жүрген еді. Енді 7 айға созылған сот біткен соң, Facebook-ке қайта келіп, соттың шешімі туралы пост жариялады.
7 айға созылған «Loto club» кеңсесінің соты бітті. Алланың қалауымен достарымның, аға інілерімнің, халықтың дұға тілектерінің арқасында бес жыл шартты мерзімге сотталдым. Ең бастысы, әке-шешемнің, бала-шағамның, бауырларымның қасындамын. Ендігі алда күтіп тұрған азаматтық сот бар. 9 млн өтемақы төлену керек. Бас аман болсын! Ер жігіттің басында қыл арқан шірімес, бұл сынақтан да шығармыз. Қолдау көрсетем деген бауырлар болса, Каспи голд номерім осы (87760408540 Асет Сулейменов), – деп жазған.