Қатерлі ісікті анықтайтын құрылғы ойлап тапты: өнертапқыш балалар

Қатерлі ісікті анықтайтын құрылғы ойлап тапты: өнертапқыш балалар

Қатерлі ісікті анықтайтын құрылғы ойлап тапты: өнертапқыш балалар
ашық дереккөзі
Балалардың қиялында шек жоқ. Біз айналамыздағы көптеген жаңалықты жас жеткіншектердің ашып жатқанын біле бермейміз. Ендеше, назарларыңызға ғылымға жаңалық алып келген балалар туралы топтаманы ұсынамыз.  Қар машинасы Солтүстік Канаданың жас тұрғыны Жозеф-Арман Бомбардье қарда жүретін машина ойлап тапты. Оқиға 17 жасқа толған туған күнінде әкесі сыйлаған ескі Фордтан басталды. Автокөлік нашар болғандықтан, Жозеф-Арман оны бөлшектерге бөліп тастады. Сол бөлшектерден аталмыш машинаны жасап шығарды. Уақыт өте келе Бомбардье ұшақтар мен басқа да техникалық құралдарды жасайтын компанияның негізін қалады. Сонымен қатар ол қар машинасын да жасап шығарды. Батут Батутты 16 жастағы америкалық гимнаст Джон Ниссен ойлап тапты. Бұл құралды жас өнертапқыш машиналар тұратын гаражда құрастырып, тапсырыс түскен мектептерге жеткізіп жүрген. Осы жаңалықтың арқасында спорттың жаңа түрі – «батутта секіру» пайда болды. Мұздатылған сусын Бір күні бала Фрэнк Эпперсон далада стакан толы сусыны мен түтікшесін ұмытып кетеді. Ертесіне тәтті, мұздап тұрған сусынды ішеді. Ал мұздатылған сусын арада 18 жыл уақыт өткеннен кейін ғана сатылымға шықты. Өйткені сол кезде Фрэнк тәтті сусын сататын дүкен ашқан еді. Көзі көрмейтін жандарға арналған қаріп Балалар тек тәттілер мен ойыншықтар туралы ойлайды десеңіз, қателесесіз. Олардың кейбір жаңалықтары ересектердікінен кем түспейді. Мысалы, 15 жастағы Луи Брайль көзі көрмейтін адамдарға оқуға мүмкіндік беретін қаріп жасады. Қатерлі ісік ауруын анықтайтын құрал 15 жастағы Джек Андрак өкпедегі, аналық бездегі және ұйқы безіндегі қатерлі ісік ауруын анықтайтын ерекше әдіс ойлап тапты. Енді ауруды қандағы қанттың мөлшерін өлшеуге арналған глюкометрге ұқсайтын арнайы құрылғының көмегімен анықтауға болады. Осының арқасында дәрігер диагнозды 5 минутта қоя алатын болды.