А.Мұхамедиұлы ресейлік әріптесінің өтінішін екі етпеді

А.Мұхамедиұлы ресейлік әріптесінің өтінішін екі етпеді

А.Мұхамедиұлы ресейлік әріптесінің өтінішін екі етпеді
ашық дереккөзі
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы биылғы 6 қазанда Ресейден елімізге ікелінген Кейкі батырдың  бабасының бас сүйегін ұрпақтары салтанатты түрде қарсы алмау себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, РФ Мәдениет министрі Владимир Мединскийдің өтініші бойынша сол күні әуежайда салтанатты шара ұйымдастырылмады.
«Әуежайда «батырдың бас сүйегі неге салтанатты түрде қарсы алынбады?» деген сұрақтар болды. Бұл ретте ресейлік тараптың үлкен өтініші болған еді. Ресейдің мәдениет министрі Мединский Мемлекеттік Думадағы сайлау қарсаңында тарихи құндылықтар бойынша әртүрлі түсініктемелер беріліп жатқандықтан, бұл бағыттағы ақпараттардың кең тарамауын қадағалауды қатты өтінген еді. Өйткені қалыптасқан жағдайды әркім өзінше пайдаланып, өз кезегінде ол Мемлекеттік думадағы сайлауға кері әсерін тигізуі мүмкін еді»,-деді министр ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
 А.Мұхамедиұлы ресейлік тараптың өтінішін орындау оңай болмағанын жеткізді. «Артефактіні ала тұра, ол жайында ештеңе айтпау біз үшін қиындық тудырды. Әрине, біз уәдемізді орындауға мәжбүр болдық»,-деді Мұхамедиұлы. Айта кетейік, 6 қазанда Кейкі батырдың бас сүйегі таңғы сағат 04:50-де Мәскеуден арнайы бортпен елордаға жеткізілетінін естігендер Астанадағы халықаралық әуежайға жиналған. Алайда, бас сүйектің арнайы рейспен жеткізілуіне байланысты жиналған қауым оны салтанатты түрде қарсы ала алмады.