Жаңалықтар

Елордада түнде жас жігітті ұрып, тонап кеткен (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Елордада түнде жас жігітті ұрып, тонап кеткен (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтанда жас жігітті ұрып-соғып, тонап кету фактісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Tүнгі уақытта Гeте көшесінің бойындағы “Паровоз” ескерткішінің жанында тұрған жас жігітке ер адам келіп темекі тұтатып алуын сұраған және кенеттен жәбірленушіні ұрып-соғып, қолынан  Samsung 032 ұялы телефонын тартып алып қойған. Жәбірленушіге жасаған шабуылы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 26 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ұрланған телефонды жігіт вокзал маңында өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген. https://www.youtube.com/watch?v=3YgOgA_McQA&feature=emb_title “Қазіргі уақытта “тонау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде”, – деді “Сарыарқа” ауданы ПБ басшысы Дулат Жұмағұлов.