Жаңалықтар

Өскеменде 12 жастағы аутист бала жоғалып кетті

ашық дереккөзі

Өскеменде 12 жастағы аутист бала жоғалып кетті

14 тамызда Өскеменде 12 жастағы бала жоғалып кетті деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2010 жылы туған Тамирлан Ахмеджанов 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында үйінен шығып кеткен. Іздестіруге көмектесуін өтінген оның туыстары түскі сағат үште полицияға хабарласқан. Бұл сигналды алған полиция дереу іздеу жұмыстарын бастады, оған құтқарушылар, кинологтар, ҚР ҰҚК, еріктілер де тартылды.