Бибісара Асаубаева не үшін Қазақстанда тұрмайтыны туралы айтты

Бибісара Асаубаева не үшін Қазақстанда тұрмайтыны туралы айтты

Бибісара Асаубаева не үшін Қазақстанда тұрмайтыны туралы айтты
ашық дереккөзі
Қазақстандық шахматшы өзіне қатысты бірнеше сұраққа жауап берді. Соның ішінде оның тұрғылықты тұратын жеріне қатысты сұрақтардың көп болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. 
"Менің неге Мәскеуде тұратыным жайында сұрақ көп. Мен Қазақстанның атынан жарысқа қатысамын, бірақ Мәскеуде тұрамын. Өйткені, менің жаттықтырушыларым Ресейден", - деді ол.
Асаубаева дәл қазір нақты қай жерде тұрақтайтыны әзірге белгісіз екенін де тілге тиек етті.
"Жоспарым көп. Бәлкім, бәрі оңынан болар. Қай елде тұратыным әлі белгісіз, әлем де қазір тұрақты емес. Ең бастысы, жақындарым қасымда болса болғаны", - деп атап өтті.