Жаңалықтар

Катардағы ӘЧ-да кім жеңіске жетеді? – болжам жасалды

ашық дереккөзі

Катардағы ӘЧ-да кім жеңіске жетеді? – болжам жасалды

2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатында кімнің жеңіске жететінін автоматтандырылған компьютер анықтап, болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz. The Analyst қызметкерлері құрастырған алгоритм арқылы жабдықталған компьютер ӘЧ-да жеңімпаз ретінде Франция, Бразилия және Испания секілді елдерді көрсеткен. Программаның есептеуі бойынша көрсеткіштер реті мынандай: Франция – 17,93%, Бразилия – 15,73%, Испания – 11,53%. Ойын иелері, яғни Катар құрамасының бұл додада жеңіске жету көрсеткіші 0,35 пайызды құрады. Ал үш бірдей: Коста-Рика, Сауд Арабиясы және Камерун құрамаларының жеңіске жету мүмкіндіктері 0-ге тең болған.