«Еден жуушылардың есепшотын пайдаланған»: 197 млн теңге ұрланды

«Еден жуушылардың есепшотын пайдаланған»: 197 млн теңге ұрланды

«Еден жуушылардың есепшотын пайдаланған»: 197 млн теңге ұрланды
ашық дереккөзі
Елорда мектептерінің бірінде есепші мен шаруашылық қызметкері 7 жыл бойы мемлекет қаражатын жымқырып келген деп хабарлады turkystan.kz El.kz-ке сілтеме жасап. Олар еден жуушылардың есепшотына артық ақша аударып, кейін «қателесіп кетіппіз» деген сылтаумен өздеріне қайтарып алып отырған. Жымқырған ақшаның жалпы көлемі - 197 миллион теңге. Есепшілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері осындай 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның 9-ы сотқа жолданған.