Елорданың кей көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Елорданың кей көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Елорданың кей көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
ашық дереккөзі
14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA деп аталатын ірі халықаралық жарыста триатлон әуесқойлары қайта бас қосады. Осыған байланысты қалада бірнеше көше жабылады деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жарыс 2018 және 2019 жылдары Қазақстанда өткенін еске саламыз. Биылғы аталған қашықтықтан немесе «жармадан» басқа «толық Ironman» - BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN өтеді. Әрбір жарыс үзіліссіз өтетін үш кезеңнен тұрады: 3,86 км-ге жүзу, велосипедпен 180,25 км жүріп өту және 42,195 км-ге марафондық жүгіру. Ironman 70.3 сериясының жарыстары екі есе қысқартылған қашықтықта жарысты қарастырады: 1,9 км жүзу, велосипедтік бәйге 90 км 21,1 км жүгіру. Стартқа әлемнің 77 елінен 2 200 триатлет қатысады. Бұл екі жылдық үзілістен кейінгі Қазақстандағы бірінші бәйге. Ұйымдастырушылар Ұлыбритания, Үндістан, Германия және Ресейден триатлеттердің үлкен тобын күтуде. 14 тамызда BI GROUP IRONMAN бәйгесін өткізу кезінде астанада келесі бағыттар бойынша автокөліктердің қозғалысына жартылай шектеу ұйымдастырылады: 04:00-18:00 аралығында - Б.Момышұлы даңғылы бойынша Елім-ай көшесінен бастап Сарайшық көшесіне дейін жолдың екі жолағын жартылай жабу; 04:00-18:00 аралығында Байтұрсынов көшесі бойынша  Тәуелсіздік даңғылына дейін жолдың екі жолағын жартылай жабу; 04:00-11:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылынан бастап – Нәжімиденов көшесі бойымен Қалдаяқов көшесіне дейін жартылай жабу; 04:00-11:00 аралығында - Нәжімиденов көшесінен бастап одан әрі Қалдаяқов көшесі бойымен Арыс көпірі арқылы көпірдің оң жағынан Мәңгілік Ел көшесіне түсіп, Достық көшесіне дейін Ақорда алдындағы алаңға оң жақ бұрылысты жабу. Бұдан әрі алаң айналасындағы шеңбермен және Арыс көпірінің астында ОКЗ бойымен Әлихан Бөкейханов көшесіне дейін жабылады. 04:00-11:00 аралығында - Әлихан Бөкейханов көшесі бойымен Керей-Жәнібек көшесіне дейінгі жолды жабу; 04:00-11:00 аралығында Керей-Жәнібек көшесі бойымен 38-ші көшеге дейін жартылай жабу; 04:00-11:00 аралығында - 38-ші көше бойымен Ұлы Дала даңғылына дейін жартылай жабу; 04:00-18:00 аралығында Ұлы Дала даңғылынан бастап Оңтүстік айналыс жолына дейін 04:00-18:00 аралығындағы М 36 тас жолын, Қорғалжын тас жолын және Нұрпейіс Бағанин көшесімен қиылысындағы Велотұрақтың жанындағы бұрылысқа дейін жартылау жабу. 04:00 - 18:00 аралығында Оңтүстік айналыс жолынан Ұлы Дала даңғылының оң жағында жаңа көпір арқылы Нәжімиденов көшесіне дейінгі жолды жабу; 04:00 - 18:00 аралығында Нәжімиденов көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жолды жабу жоспарланған. Мәре Байтұрсынов көшесі бойындағы саябақта болады. Жолды жабудың толық картасы 2ГИС сервисінде көрінеді. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Қазақстандық триатлон федерациясының қолдауымен өтеді.