"Қазагро" холдингіне - 10 жыл

"Қазагро" холдингіне - 10 жыл

"Қазагро" холдингіне - 10 жыл
ашық дереккөзі
Тура 10 жыл бұрын 2016 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы құрылды. Құжатта атап өтілгендей, Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру мақсатында» құрылған. 10 жыл ішінде елдің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) қолдауға Холдингпен 2,3 трлн. теңгеден астам қаражат бағытталды. Егер, алғашқы жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытуға біз 116 млрд.теңге бағыттаған болсақ, соңғы жылдары жыл сайын шамамен 300 млрд.теңге бағыттаймыз. Оның 16%-ы мемлекеттік қорландыру қаражаты, яғни бюджеттік қаражаттың әрбір 1 теңгесіне Холдинг капитал нарығынан 5,4 теңге тартады. 10 жыл ішінде компания тобының активтері 6,6 есеге өсті, меншікті капитал 3,4 есеге, ал кірісі – 2,9 есеге ұлғайды. Несие қоржынының көлемі 7 есеге өсті және 600 млрд.теңге шамасын құрады, ол саланы несиелеудің жалпы көлемінің 43%-ын құрайды. Холдингтің несие қоржынында шамамен 50.000 қарыз алушы бар. Яғни, бүгінгі таңда Холдинг – агроөнеркәсіптік кешендегі ең ірі кредитор болып саналады. Холдингтің қызметі маңызды әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз ететінін атап өту қажет – 33,4 мың жаңа жұмыс орындары құрылды және 141,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Қаржыландыруға қол жетімділікті жоғарылату бойынша, бүгінгі күні Холдингпен 40-тан астам несие өнімдері жүзеге асырылуда, олар агробизнестің түрлі салалық бағыттары мен көлемдерінің қажеттілігіне бейімделген. Несиелеу құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесі 89%-ды құрайды. Холдингтің еншілес компаниясы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдауымен құрылған несие серіктестіктері жүйесі жылдар бойы (2001 жылдан бастап) өзінің қызметінің тиімділігін дәлелдеді: 12,2 мың тұрақты ауылшаруашылық тауар өндірушілері (АШТӨ) 171 Несие серіктестігінің (НС) құрамына кірді (2001 жылдан бастап қаржыландырудың жалпы көлемі – 162 млрд. теңге) және белсенді түрде қаржыландырылады. Ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, өндіру, сақтау және өткізуді бірлесіп ұйымдастыру үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарының бірлестігін кооперативтер құруға ынталандыру жұмыстары жалғасуда. Жалпы, 1,5 мыңнан астам ауылшаруашылық құрылымдары мен 3 мың жеке үй шаруашылығы 147 ауылдық кооперативке бірікті, олар 12 млрд.теңгеден астам сомаға жеңілдетілген несие алды. Ауыл халқын жұмыспен қамтуды арттыру және ауылшаруашылық өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында, жеке қосалқы шаруашылықтың мүмкіндігін пайдалану есебінен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несиелеу өнімдерінің «Игілік», «Береке», «Егiнжай», «Кәсіпкер», «Бірлік» және «Ынтымақ» сияқты жаңа желілерін әзірлеп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының қаражатын пайдалану арқылы табысты іске асыруда. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры осы жылдары 100 мыңнан астам шағын несие берді – бұл ауылдық жердегі банк несиесіне қолжетімділік төмен болған жағдайда маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде, 10 шағын несиенің 9-ын ауыл тұрғындары ҚазАгроның еншілес компаниясы арқылы алады. Агроөнеркәсіп кешенін сапалы дамыту және ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсімі үшін кәсіпорындарды техникалық және технологиялық жарақтандыру жұмысы жалғасуда. Еліміздегі ауылшаруашылық техникасының 72%-ы ҚазАгроҚаржы арқылы сатып алынатынын атап өту қажет. Өткен 10-жылдықта 37 мың бірліктен астам техника сатып алынып, лизингке берілді. Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен шешіледі, оларды екі блокқа бөлуге болады: азық-түлік нарығындағы импортқа тәуелділікті төмендету және аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін дамыту. Қазіргі уақытта, Холдингтің инвестициялық қоржынында құны 331 млрд. теңгенің 530 жобасы бар. Жалпы құны 288,8 млрд. теңгенің 498 жобасы пайдалануға берілді, оның көп бөлігі толық жобалық қуатқа шықты. Өңірлер бойынша жобаларды іске асырудағы көшбасшылар – Ақмола (83), Алматы (72), Солтүстік-Қазақстан (52) және Оңтүстік-Қазақстан (50) облыстары болып табылады. Барлық іске асырылатын инвестициялық жобалар қазіргі заманғы озық технологияларды енгізуге бағытталған, ол өз кезегінде еңбек өнімділігінің өсімін қамтамасыз етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі адам басына 2271 мың теңгені немесе 10,2 мың долларды құрады, бұл орташа салалық деңгейден шамамен 2 есеге жоғары (1239,8 мың теңге/адам). Өткізу нарықтарына қолжетімділікті жоғарылату міндеті Холдингтің еншілес компаниялары – Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен және ҚазАгроӨніммен жүзеге асырылады. Олар 464 млрд.теңгеден астамға өсімдік шаруашылығы өнімдерін және шамамен 30,2 млрд.теңгеге мал шаруашылығы өнімін одан әрі өткізуге, соның ішінде экспорт нарықтарына өткізу үшін сатып алды. 10 жыл ішінде Азық-түлік корпорациясы шамамен 3 млн.тонна астық экспорттады, ҚазАгроӨнім 1,8 млрд.теңгеден астам сомаға мал шаруашылығы өнімін экспорттады. 2011 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бойынша кең көлемді жобаның іске қосылғаны белгілі. Жобаның шеңберінде Холдингтің несие ресурсы есебінен 30 мың бордақылау орны құрылды, 39 мыңнан астам асыл тұқымдық шетелде селекцияланған ірі қара мал әкелінді, фермерлік шаруашылықтарға 277 мың бас ірі қара мал сатып алынды. Қазагромаркетингтің өңірлік желісі арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілері мен ауыл тұрғындарына аграрлық нарық саласындағы түрлі мәселелер бойынша шамамен 2,3 млн. ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетілді, 10 мыңнан астам бизнес жоспарлар әзірленді, 170 мың ауыл тұрғыны оқытылды. Қазіргі уақытта «Агробизнес-2020» бағдарламасының базасында 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, оның бағдарының бірі шағын және орта АШТӨ қаржыландыруға қолжетімділігін жоғарылату, сондай-ақ АШТӨ экспорттық бағытта қолдау болып табылады. Бағдарламамен қойылған міндеттерді ескере отырып, Холдингпен еншілес компаниялардың несие саясаты қайта қарастырылатын болады. Несиелеу және лизинг бағдарламаларының артықшылығы, шағын және орта агроқұрылымдарды қолдау және қаржыландыруды кеңейту болады. Аталған бағыттардағы қызметті топтастыру үшін, сондай-ақ Мемлекет басшысының экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту қажеттігі туралы тапсырмасын есепке ала отырып, Холдингпен ықшамдалған басқарушы Холдинг құру бойынша жұмыс жүргізілуде, ол 4 еншілес компаниядан тұрады («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ). Бұл Холдингке ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің (АШТӨ) қаржыландыруға қол жетімділігін жоғарылатуға және өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіптік кешенде несиелеудің қолжетімді жүйесін кезең-кезеңмен қалыптастыру Банктерді, несие серіктестіктерін, лизинг компаниялары мен агроөнеркәсіп кешенін несиелеуші басқа қаржы институттарын қорландыру, шағын қаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте, олар үшін қаржыландыруға артықшылықтар берілетін болады, бірінші кезекте, шағын және орта бизнеске, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қамтуды ұлғайтуға. Жалпы Холдингтің несие және лизинг бағдарламалары жаңа мемлекеттік бағдарламаның аясында АӨК субъектілерін қолдаудың артықшылықтарымен және шарттарымен толық үйлестіріледі. Холдингтің маңызды ұзақ мерзімді міндеті, агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыру болып табылады. Осыған байланысты, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның қызметі кеңейтілетін болады және оның базасында АӨК өнімінің экспортын қолдаудың көп салалық орталығы құрылады. Экспортты ынталандыру үшін, сонымен бірге «ҚазАгроКепіл» АҚ қызметін экспорттық келісімшарттарды кепілдендіру (сақтандыру) құралдарымен кеңейту мәселесі пысықталады. Холдинг агроөнеркәсіп кешені саласын тұрақты дамыту, бәсекелестікті арттыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмысын одан әрі жүйелі түрде жалғастырады. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.