ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
ашық дереккөзі
Құрылысшылар күні қарсаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде сала қызметкерлерін марапаттауға арналған жиын өтті деп хабарлады turkystan.kz. Атаулы датаға орай ұйымдастырылған шараға қатардағы жұмысшылар, жобалаушылар, архитекторлар мен құрылыс саласының ардагерлері қатысты. Салтанатты рәсімде ведомство басшысы құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің әлеуетінің артуында құрылыс саласының маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қайырбек Өскенбаев өз сөзінде құрылысшыларды кәсіби мерекесімен тек қана ИИДМ ғана емес, сонымен қатар барлық қазақстандықтар құттықтайтынын айтты.
«Құрылыс саласы – экономиканың басты драйверлерінің бірі де бірегейі. Бұл сала отандастарымыздың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуына және барша азаматтарымыздың баянды болашағын қамтамасыз етуге тың серпін береді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында сәулетті де әсем ғимараттар бой көтеруде, түрлі әлеуметтік нысандар көптеп салынуда. Сондықтан да кәсіби мерекелеріңіздің қарсаңында сіздердің табанды еңбектеріңізге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіруді ұйғардық», - деп атап өтті министр.