Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті

Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті

Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
ашық дереккөзі
Қарасай ауданы Шамалған ауылында бір жасар баланың өліміне қатысты жантүршігерлік оқиға 12 тамыз күні болды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  Микроавтобусты балаларды балабақшаларға тасымалдаумен айналысатын 69 жастағы ер адам басқарғаны анықталды. Сәбидің анасы үлкен ұлын балабақшаға жіберу барысында бүлдіршін шағын автобусқа тым жақын тұрған. Қозғалыстан кейін бала дөңгелектердің астына түсіп қалған. Қазіргі таңда Қарасай ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мұндай жағдайлар бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.