Пойызды тексермегені үшін пара алған теміржолшылар ұсталды

Пойызды тексермегені үшін пара алған теміржолшылар ұсталды

Пойызды тексермегені үшін пара алған теміржолшылар ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда пойызды тексермегені үшін пара алып келген теміржолшылар ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.  Заңбұзушылыққа барғандар лауазымды қызметінен қуылып, енді 6 милиион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндетті. Ақпаратқа сүйенсек, парамен ұсталған 2 адам «Экспресс» филиалында жұмыс істеген. Олар өзіне қарасты аумақпен жүретін «Тұлпар-Тальго» пойызын тексермей өткізіп жіберу үшін ақша талап етіп отырған.  Алайда бұл жолы олардың заңға қайшы әрекеті видеоға түсіп қалды. Онда теміржолшылардың қолма-қол пара беріп жатқаны анық көрінеді.
«Барлығы 27 эпизод анықталды. Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазір аталған ұйымға қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.