Демалыс күні ауа райы қандай болады?

Демалыс күні ауа райы қандай болады?

Демалыс күні ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Алдағы тәулікте Қазақстанның батысында ауа райы ыстық болады. Ал солтүстікте температура төмендейді деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, республиканың орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймағында жаңбыр жауады. Күн күркірейді және қатты жел соғуы мүмкін.
«Республиканың солтүстігінде түнде +10 +18°С-тан +5 +10°С-қа дейін, күндіз +23 +30°С-тан 18 +23°С-қа дейін ауа температурасы төмендейді. Күндіз батыста +32 +40°С, солтүстік-батыста +28 +38°С, орталықта +22 +33°С, шығыста +20 +28°С, оңтүстікте +32 +42°С, елдің оңтүстік-шығысында  +25 +35°С болады», - делінген хабарламада.