Аманаттықтар елордадағы интернет сапасын бақылауға алды
Аманаттықтар елордадағы интернет сапасын бақылауға алды
Елорда аудандарының тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі – мобильді байланыс пен интернет сапасы.
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне осыған қатысты арыз-шағымдар жиі түседі. Бұл ретте, бүгін партия мүшелері «Sunrise», «Шатер», «Манхэттен» тұрғын үй кешендерін, Ботаникалық бақ аумағын және қала маңындағы «Күйгенжар», «Нұрлы» кенттерін аралап шықты. Іс-шараға Мәжіліс Төрағасының орынбасары, партия фракциясы жетекшісінің орынбасары Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты, партияның IT-комитетінің төрағасы Екатерина Смышляева, ұялы байланыс операторларының өкілдері қатысты.
Биыл 15 шілдеде Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Айта кетейік, құжат Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының күшімен қабылданды.
Сонымен қатар бірқатар маңызды мәселе әлі де шешімін таппай отыр. Сондықтан, қазіргі уақытта партиялықтар байланыс мәселесі бойынша жаңа заң жобасын әзірлеуде. Жақын арада партияның IT-комитеті сарапшылар алаңын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ аманаттықтардың проблемалық аймақтарға сапары жалғасады. Соның қорытындысы бойынша байланыс мәселесі жөніндегі заң жобасына тәжірибелік ұсынымдар қабылданып, толықтырулар, заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі. Бұл іс-шаралар елді мекендерді сапалы мобильді байланыспен және интернетпен қамту аясын ұлғайтуға мүмкіндік береді.