Жаңалықтар

Мемлекет меншігіне 293,2 мың гектар жайылым жер қайтарылды

ашық дереккөзі

Мемлекет меншігіне 293,2 мың гектар жайылым жер қайтарылды

«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» жер мәселелері бойынша 985 өтініш келіп түсті. Оның барлығы өңірлік комиссиялардың қарауына берілді.  «Бүгінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер тапшылығы мәселесі өзекті проблема болып отыр. Партияның мобильді қоғамдық қабылдауы ел аралаған кезде өңір тұрғындары осы мәселелерді көтерді. Бір айда «Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» жер мәселелері бойынша 985 өтініш келіп түсті. Көбінесе бұл өтініштер жайылым жер бөлу мәселесіне – 62%, шалғайдағы жайылымдар мен жер учаскелерін алу кезінде көмек көрсетілуіне – 28% қатысты болды», – деді «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева. 7 шілдеде «Жер аманаты» комиссиясының жер мәселелері жөніндегі «жедел желісі» іске қосылған болатын. Осылайша, қазақстандықтар барлық заң бұзу фактілері туралы 8 800 080 44 41 телефоны бойынша хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да + 77008004441 нөмірі бойынша қабылданады.