«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі - басты назарда

«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі - басты назарда

«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі - басты назарда
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты республика көлемінде «Қауіпсіз қала» акциясын өткізіп жатыр. Атаулы акция Төтенше жағдайлар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда.   width= Акция бастау алған күннен бастап аймақтарда 4 500-ден аса кәріз құдықтарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 500-ге жуық құқықбұзушылық фактілері анықталды. Сондай-ақ рұқсат етілмеген жерде шомылу бойынша 50 жағдай тіркелгенін атап өтті «Жастар рухы» жастары.  width= Мониторинг жүргізу арқылы ақпарат жинап, тиісті орындарға тапсыру, жаз мезгіліндегі балалар мен ересектер арасында жазатайым оқиғалардың болуын төмендетуді мақсат қылған жастар жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті.  width= Ұйымдастырушылар ашық кәріз құдықтарына, жабдықталмаған шомылу орындарына, тұрғын үй шатырларының қауіпсіздіктеріне тексеру жүргізіп жатыр. «Дені сау ұрпақ тәрбиелеп, жарқын болашақтың кепілін қалыптастырамыз», – дейді «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев. 
«Қауіпсіз қала, бұл, ең біріншіден, балалардың қауіп-қатерсіз өсіп, жетілуін көздейді. Жас жеткіншектердің түрлі төтенше жағдайға тап болып, өмірлеріне қауіп тудырып жатқан жайттар қоғамда белең алуда. Арнайы орындарда, ашық қалған кәріз құдықтары мен өзен-су жағалауларында осындай апаттардың алдын-алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалуы биыл бірінші рет өтіп жатқан жоқ. Бұл мәселеге «Жастар рухы» аса жауапкершілікпен қарап, назарда ұстауда. «Балалар жылы» аясында осындай бастамалардың өскелең ұрпаққа оң әсерін тигізеріне сеніміміз мол. “Сақтықта – қорлық жоқ” деп бекер айтылмағанын естен шығармаған да жөн», – дейді Нұржан Жетпісбаев. 
 width= «Қауіпсіз қала» акциясын өткізудегі басты себептердің бірі - жыл басынан бері болып жатқан балалардың терезеден құлап кету жағдайларын алдын-алу. Сол себептен, Жастар қанатының өкілдері сәбилер мен балаларды қараусыз қалдырмауға, ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізуге шақырады. Айта кетейік, «Қауіпсіз қала» акциясы биыл 19 тамызға дейін жалғасады.