«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі - басты назарда
«Қауіпсіз қала»: балалар қауіпсіздігі - басты назарда
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты республика көлемінде «Қауіпсіз қала» акциясын өткізіп жатыр. Атаулы акция Төтенше жағдайлар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Мониторинг жүргізу арқылы ақпарат жинап, тиісті орындарға тапсыру, жаз мезгіліндегі балалар мен ересектер арасында жазатайым оқиғалардың болуын төмендетуді мақсат қылған жастар жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті.
«Қауіпсіз қала» акциясын өткізудегі басты себептердің бірі - жыл басынан бері болып жатқан балалардың терезеден құлап кету жағдайларын алдын-алу. Сол себептен, Жастар қанатының өкілдері сәбилер мен балаларды қараусыз қалдырмауға, ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізуге шақырады.
Айта кетейік, «Қауіпсіз қала» акциясы биыл 19 тамызға дейін жалғасады.