Грант иегерлерінің көбі ЕҰУ-ды таңдады

Грант иегерлерінің көбі ЕҰУ-ды таңдады

Грант иегерлерінің көбі ЕҰУ-ды таңдады
ашық дереккөзі
4 000-ға жуық мемлекеттік білім гранттарының иегерлері Еуразия ұлттық университетіне түсуге құжат тапсырды. Бұл - ЖОО тарихында еліміз бойынша рекордтық көрсеткіш. Мектеп түлектерінің басым таңдауы техникалық бағыттарға түсті – 3 000-нан астам грант. Оқуға түсушілердің сапалы контингентін «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері және басқа да дарынды жастар құрайды. Бұл университет тарихындағы рекордтық көрсеткіш және ЕҰУ-ға деген сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді. Биыл мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған гранттарды ұлғайтты және ауыл жастары мен этникалық қазақтарға квоталар бөлді. Осыған байланысты Еуразия ұлттық университетінде халықтың әлеуметтік осал топтарына 200-ден астам және шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтар үшін 300-ден астам орын бар. Сонымен қатар университетте мұқтаж студенттерге қолдау көрсету бойынша әлеуметтік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS WUR жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде 277-орында тұр. Елордадағы үздік жоғарғы оқу орындарының бірі Ұлттық білім беру рейтингтерінің көрсеткіші бойынша бірінші орынға жайғасқан.