Түркиялық БАҚ-қа Карлов өлімінің тергеу деректерін жариялауға тыйым салынды

Сот шешімімен Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарына ресейлік елші Андрей Карлов өлімінің тергеу барысына қатысты ақпараттарды жариялауға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы newsru.com CNN Turk телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай шешім прокуратура өтінімімен қабылданған. Мекеме іске қатысты мәліметтердің жариялануы тергеу жүргізуге кедергі келтіреді деп есептейді. Енді түркиялық БАҚ-қа тергеу барысы, күдіктілер және өзге де іске қатысушылар туралы ақпарат беруге және қылмыс орнында түсірілген фотоларды жариялауға тыйым салынады.

Еске салсақ, Түркиядағы Ресей Елшісі Андрей Карловқа 19 желтоқсан күні Анкарада шабуыл жасалды. Қастандық Елші фото көрменің ашылуына қатысқан кезде ұйымдастырылды. Жергілікті қауіпсіздік күштері елшіге оқ атқан 22 жастағы полиция қызметкері Мевлют Алтынташтың көзін жойды. Түрік билігі Алтыншаштың АҚШ-та бас сауғалап жүрген оппозициялық дін уағызшысы Фетхуллах Гүленнің FETO лаңкестік ұйымына қатысы барын дәлелдейтін айғақтар бар екенін айтуда. Гүленнің өзі бұл айыптауларды мойындаған жоқ, бірақ түрік тергеушілері М.Алтыншаштың полиция мектебіне түсуге FETO мүшелерінің көмектескенін, Алтыншаштың өзі де FETO құрамында болғанын айтуда. Түркия СІМ басшысы Сулейман Сойлының пікірінше, 2015 жылдың маусымындағы парламенттік сайлаудан кейінгі елде болған терактілер және Карловқа шабуыл бір жоспардың бөлігі ғана болып табылады.

Back to top button