Адам миына чип орнату дәуірі басталды: Илон Маск кеш қалды ма?

Адам миына чип орнату дәуірі басталды: Илон Маск кеш қалды ма?

Адам миына чип орнату дәуірі басталды: Илон Маск кеш қалды ма?
ашық дереккөзі
Америкалық стартап Synchron жобасы 2022 жылдың шілдесінде науқастың миына нейрочип орнатты. Құрылғы адам ойын оқиды және компьютерге тапсырма бере алады. Науқас интернетті пайдаланып, мәтін жазып және электронды пошта арқылы басқалармен сөйлесе алады. Нью-Йорктегі медициналық орталықта амиотрофиялық бүйірлік склерозы бар науқасқа қан тамырына сымдар мен электродтардан тұратын 38 мм нейрочип имплантацияланды.  width= Synchron қазірдің өзінде Австралиядағы төрт науқасқа өз құрылғыларын имплантациялады. Олардың чиптері WhatsApp-қа хабарламалар жіберіп, онлайн сатып алуды да жүзеге асырады. Аталған стартап өзінің Stentrode құрылғысын 2016 жылы нарыққа ұсынған болатын. Нейрочип айналасы тор әрі ашық цилиндрге ұқсайтын ерекше өнім. Өйткені ол адамның бассүйегін кеспей-ақ миға имплантацияланады. Mordor Intelligence аналитикалық компаниясының бағалауы бойынша, ми чиптері нарығының көлемі 2020 жылы $4,1 млрд құрады, 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш $7 млрд-қа дейін өседі деп күтілуде. Synchron 2021 жылы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) адамның клиникалық зерттеулеріне рұқсат алған. Бір қызығы, осы стартап жобаның басты қарсыласы – Neuralink компаниясы. Ал бұл компания Илон Масқа тиесілі және олар FDA рұқсатын әлі ала алмай жүр.