«Ауыл аманаты» жобасы: мобильді топ өкілдері Жаңақорғанда

«Ауыл аманаты» жобасы: мобильді топ өкілдері Жаңақорғанда

«Ауыл аманаты» жобасы: мобильді топ өкілдері Жаңақорғанда
ашық дереккөзі
Партияның «Ауыл аманаты» жаңа жобасы туралы ел арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу мақсатында құрылған мобильді топ өкілдері Жаңақорған ауданының Қожамберді, Жайылма ауылының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мобильді топтың бизнес тренерлері кездесуге қатысушыларға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиені қалай алуға болатынын, коорперативті не үшін құру керек екенін түсіндірді. Іс-шара барысында шағын кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары тренерлерге сұрақ қойып, кеңес алды.  width=
«Жалпы, бағдарлама шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында әр жыл сайын еліміздің барлық облысына жобаны жүзеге асыруға арналған бюджеттік несие бөлу көзделіп отыр. Заңнамаға енгізілетін түзетулер пакеті әзірленді. Ол қаражат алу тетігін айтарлықтай жеңілдетіп, жобаны іске асырудың тиімділігін арттырады», - деді сарапшы Гүлмира Бағажаева.
Басқосуға қатысқан бизнес тренерлер грант алу тәртіптері туралы түсініктеме берді. Бизнес жоспарды сауатты құру, жобаның өміршең, аймақ үшін қажетті болуы маңызды екенін алға тартты. Бағдарлама аясында Қожамберді, Жайылма ауылының әкімдері арнайы оқытудан өткен болатын. Олар енді өздері басшылық ететін ауылдарда өңдіруге болатын басым бағыттарды анықтап жатыр. Тұтынушылардың сұранысына сай өнім өндіру үшін халықтың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.